Жайсаң көпсалалы колледжінің тарихы
Жайсаң көпсалалы колледжі 86 жылдық тарихы бар, Ақтөбе облысындағы ең көне оқу орындарының бірі.
Колледж тарихы 1936 жылы Қостанай облысы, Ленин ауданы, Херсон селосындағы механизация мектебін Жайсаң селосына көшіруден басталды.
Бірінші жылдары училище: тракторшы, комбайнерші және жүргізуші мамандықтары бойынша мамандарды даярлады. Алғашқы директоры болып Мусабаев Омар Мусабаевич директор болып тағайындалды. Алғашқы күндерден бастап оқу орнының практикалық тапсырмаларын орындайтын өзінің оқу шаруашылығы болды.
1942 – 1944 жылы Мәскеуден Жайсаңға танк жөндеу зауыты көшіріліп, училище корпусы оған берілді.
Ал, 1944 жылдан бастап училище қайтадан село үшін мамандарды даярлай бастады.
1969 жылы ауылшаруашылық механизация училищесі № 5 селолық кәсіптік – техникалық училищесі болып өзгертіліп, құрылысшы, ветеринар және К-700 тракторист жаңа мамандықтар қосылды.
1970 жылы село үшін мамандарды даярлауда жеткен жетістіктері үшін №5 селолық кәсіптік – техникалық училищесіне Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова аты берілді. Осыған байланысты училищеде оқу орнының тарихы мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған мұражай ашу туралы шешім қабылданды.
1985 жылы училище №13 орта кәсіптік – техникалық училище болып өзгертілді. Осы жылдары училище электр, тігінші, аспазшы жаңа мамандықтары бойынша жұмысшылар даярлады.
Ал, 1996 жылы № 13 кәсіптік мектеп болып қайта құрылды.
Облыс әкімдігінің 2012 жылғы қаулысына сәйкес «Жайсаң көпсалалы колледжі» болып қайта құрылды.
Осы жылдар ішінде колледж еліміздің кәсіпорындары үшін 25 000 астам жас білікті мамандар даярлады. Қазіргі таңда колледжің көптеген түлектері жаңашыл және озат мамандар болып шығып, еліміздің көркейуіне өз үлестерін қосып келеді.
Оқу мемлекет бюджеті есебінен күндізгі оқу түрінде жүргізіледі.
Жайсаң көпсалалы колледжі ғимараты жалпы көлемі 2319 ш.м., оқу-өндірістік кешені 2 корпустан тұрады.
Оқу корпусында 9 жалпы білімдік пәндер кабинеттері, 7 арнайы пәндер кабинеттері, 2 компьютер классы және әдістемелік кабинет, кітапхана, медпункт, спортзал дайындық залымен, клуб және 100 орындық асхана бар.
Колледжде 15-21 жас аралығындағы Мәртөк ауданы мен еліміздің басқа да өңірлерінен жастарға ауылшаруашылық саласы мамандықтары оқытылады. Қазіргі кезде лицензияның қосымшасына сәйкес төмендегі мамандықтар мен кәсіптер бойынша оқыту жүргізілуде:
- 07161600 Ауыл шаруашылығын механикаландыру
- 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру
- 07150500 Дәнекерлеу ісі
- 04110100 Аудит және есеп
- 07320100 Ғимаратттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
- 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу
Колледжде барлығы 105 адам жұмыс жасайды. Оның ішінде әкімшілік 12 адам, оқытушылар 16 адам, оқу-өндірістік шеберлері 18 адам. Қалғандары жұмысшы қызметкерлер. Оқытушылар мен өндіріс шеберлерінің 10 жоғары санатты, _7__ бірінші санатты, _11_ екінші санатты мамандар.
Оқу – өндіріс жүйесін тиімді қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облыстық ғылыми – әдістемелік орталығының ұсыныстары бойынша колледжің педагогтары жалпы және арнайы пәндер бойынша оқу - әдістемелік құралдар шығарылды.
Педагогтардың біліктіліктерін арттыру мақсатында педагогтар жыл сайын облыстық және республикалық деңгейдегі курстарын өтеді. Инновациялық саланы дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында Астана, Алмата, Қарағанды және Орал қалаларында болды.
Колледжде 25 жылдан астам жұмыс жасап келе жатқан аға буын тәжірибелі ұстаздарда аз емес. Атап айтатын болсақ Акдаулетова Айнагуль Нигметовна, Карнаух Гульнара Абгалиевна, Шандыбасов Булат Магавьевич, Абишев Серик Базарбаевич, Жумаева Жанслу Назаргалиевна, Зинченко Марина Владимировна, Жумагалиева Айгуль Кенесовна, Кушакова Айгуль Тынышпаевна, Акдаулетов Ерболат Нигметовичті атауға болады. Әрине олардың соңына еріп тәжірибелерін алып келе жатқан жастар бар.
Колледж педагогтарының еңбектері облыстық және аудандық мадақтау қағаздарымен мадақталған.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағазымен Кужаков Айбек Бауржанович, Кожемякина Светлана Михайловна, Акдаулетова Айнагул Нигметовна, Дюсенбаев Бауржан Сатчанович, Акдаулетов Ерболат Нигметович, Кушакова Айгуль Тынышбаевна, Мерзин Рустам Наильевич, ал екі мәрте Кужаков Айбек Бауржанович, Акдаулетова Айнагул Нигметовна ,Халиулин Медихат Мухамедиевич, Есмухамбетова Венера Канапиевна, Зинченко Марина Владимировна Ақтөбе облыс әкімінің грантының иегерлері атанды.